«Бәйтерек» шағын орталығының ақпараттық анықтамасы Шағын орталық туралы мәліметтер «Бәйтерек» шағын орталығы Червонное ауылы, Школьная көшесі, 14-үй мекенжайында орналасқан, байланыс телефоны: 27-5-48. Шағын орталық 2009 жылы пайдалануға берілген.
2025–2026 оқу жылында шағын орталыққа 34 тәрбиеленуші келеді. Ата-аналар мен шағын орталық әкімшілігі арасында келісімшарт жасалған.
Шағын орталықта оқыту тілдері – орыс және қазақ тілдері. Жұмыс тәртібі: 8:30-дан 18:00-ге дейін.
2025–2026 оқу жылында шағын орталықта 4 топ жұмыс істейді:
Толық күндік 3 топ: – кіші топ; – орыс тілінде оқытатын әртүрлі жастағы топ (ортаңғы, ересек); – қазақ тілінде оқытатын әртүрлі жастағы топ (ортаңғы, ересек); және 1 толық емес күндік топ.
Шағын орталықта 7 тәрбиеші, 1 қазақ тілі мұғалімі, педагог-психолог, әдіскер қызмет атқарады.
Шағын орталық 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 МЖБС-қа, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына» (2016 жылғы 12 тамыздағы №499, 2022 жылғы 14 қазандағы №422 өзгерістерімен), «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына» (2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557, 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394, 2025 жылғы 16 қаңтардағы №7 өзгерістерімен), 2021 жылғы 5 тамыздағы СанПиН талаптарына сәйкес жұмыс істейді.
Шағын орталық толықтай білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Талдау_Адал_Азамат_1_жартыжылдық_Байтерек
Последнее изменение: 27.01.2026